​Өзбекстан Атом электр стансасын салмақ

0
1 138

Өзбекстан Атом электр стансасын құруды жоспарлап отыр.


​Өзбекстан Атом электр стансасын салмақ

Өзбекстан Атом электр стансасын құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Inform.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Біздің елде атомды бейбіт мақсатта пайдалану үшін атом энергетикасын құру ісі қолға алынды. Ресейлік «Росатом» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп Атом электр стансасын ашу туралы келісім жасастық. Аталмыш кешен әрқайсысының қуаты 1 200 мегаватты құрайтын екі энергетикалық блоктан тұратын болады» деп жазылған Ш. Мирзиёевтің төрағалығымен өткен атом энергетикасын құру бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларды орындау мәселелеріне арналған кеңес нәтижесі бойынша жасалған хабарламада.

Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігінің мәліметінше, Атом электр стансасы мемлекетке жыл сайын табиғи газдың 3,7 млрд текше метрін үнемдеуге мүмкіндік береді. Газды өндеу нәтижесінде мұнай-химия өнімдері жасалады. Олардың бағасы үстінен біршама еселенеді. Ал үнемделген газ өңдеусіз экспортқа жіберілетін болса, Өзбекстанның қоржынына жылына 550-600 млн доллар пайда түсіп тұрады.