Айыппұл екі бөлек бұзушылық үшін екі бөлікке бөлінді — 300 мың және 400 мың доллар.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
ERNUR.KZ. Азия футбол конфедерациясы (АФК) 10 маусым күні Ташкентте өткен Қатарға қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы кезінде бірнеше рет тәртіп бұзғаны үшін Өзбекстан футбол қауымдастығына (ӨФҚ) 340 мың доллар көлемінде айыппұл салды, деп жазады inform.kz.
АФК Тәртіптік комитетінің шешіміне сәйкес Өзбекстан Футбол қауымдастығы матчтың жабылу салтанатын АФК-мен келіспей ұйымдастырған.
ӨФҚ сонымен қатар АФК мен оның серіктестерінің маркетингтік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ете алмады, бұл ұйымдастырушылар мақұлдамаған брендтерді жасырын ілгерілету — «амбуш маркетингке» әкелді. Бұл рецидив кезеңінде тәртіпті екінші рет бұзу жағдайы.
Бұдан басқа, Қауымдастық баспасөз конференциялары мен сұхбаттар сияқты ресми іс-шараларды өткізуге тиісті көмек көрсеткен жоқ, шешімде бұл жағдай да ескерілді.
Айыппұл екі бөлек бұзушылық үшін екі бөлікке бөлінді — 300 мың және 400 мың доллар.
АФК шешімінде «амбуш-маркетинг» ұғымы деп футболшыларды марапаттау кезінде BYD автокөліктерінің тікелей стадион алаңына қойылып, сол жерде сыйлық ретінде табысталуы түсіндіріледі.