Өзбекстан құрамы қауіпті деп күдікке ілінген ауғанстандық газдалған сусынды тексеруде

0
312

Қырғызстанда бұл сусынға тыйым салынған еді. Ал Қазақстанда бұл сусындар сатылады әрі бағасының төмендігімен танымал.


Өзбекстан құрамы қауіпті деп күдікке ілінген ауғанстандық газдалған сусынды тексеруде

ERNUR.KZ. Өзбекстанның санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және қоғамдық денсаулық комитеті Ауғанстанда өндірілген "Golden Life" анар газдалған сусынын тексеруде, деп жазады stan.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бұған Қырғызстандағы зертханалық зерттеулерден кейін сусын құрамынан ондағы улы заттар табылған. Сол себепті Өзбекстан да тексеруге шешім қабылдаған.

Қазіргі уақытта хош иістендірілген өнімдердің үлгілерін қайта іріктеу жүргізіліп жатыр.

Бұрын комитет бұл сусынды тексеріп оның әр партиясына санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылар берді.

"Адам денсаулығына улы және зиянды заттар табылмағаны атап өтіледі. Бүгінгі таңда тұрғындардан осы өнімнің сапасыздығы туралы шағым түскен жоқ", - деп толықтырды комитет.

Еске салсақ, Қырғызстанда бұл сусынға тыйым салынған еді. Ал Қазақстанда бұл сусындар сатылады әрі бағасының төмендігімен танымал.