Өзбекстан Nike пен Adidas шығаратын болды

0
512

Өзбекстанның алдағы бес жылдықта жаңа 15 экспорт нарығын Еуропа мен Оңтүстік Азияға бағыттау жоспары бар.


Өзбекстан Nike пен Adidas шығаратын болды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Әндіжан аймағында әйгілі Nike пен Adidas аяқ киімдері шығарылатын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Узчармсаноат" ассоциациясы әлемдік деңгейдегі брендтермен келісімге келген. Бұл туралы ассоциацияның басшысы Фахриддин Бобоев "Экономикалық шолу" журналына баяндаған.

"Nike және Adidas брендтерінің біздің нарыққа кіруі жайлы келісім бар. Спорттық аяқ киімдерді Әндіжанда шығаратын боламыз. СП SinoInternational кешенінде біз әлемге танымал брендтің 3 млн данасын шығаруды көздеп отырмыз", – деді Ф.Бобоев.
Өзбекстанның алдағы бес жылдықта жаңа 15 экспорт нарығын Еуропа мен Оңтүстік Азияға бағыттау жоспары бар.