Өзбекстан президенті әлеуметтік желілерді бұғаттаған министрді қызметінен босатты

0
490

Gazeta.uz сайты мәліметінше, премьер-министрдің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Олимжон Умаров та отставкаға кеткені туралы ақпарат расталған.


Өзбекстан президенті әлеуметтік желілерді бұғаттаған министрді қызметінен босатты

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Шухрат Садиковты ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрі қызметінен босатты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Өзбекстан Республикасы президентінің жарлығына сәйкес Өзбекстан Республикасының ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрі Шухрат Мұхамаджанұлы Садиков қызметінен босатылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Gazeta.uz сайты мәліметінше, премьер-министрдің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Олимжон Умаров та отставкаға кеткені туралы ақпарат расталған. Ресми түрде отставкаға кету себептері аталмаған.Айта кетейік, бұған дейін Мирзиеев елдегі әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу туралы шешімді "біржақты және ойластырылмаған" деп атаған болатын.