Өзбекстан Ресейге дипломатиялық нота жолдады

0
88

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстайтынын және қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдайтынын жеткізді.


Өзбекстан Ресейге дипломатиялық нота жолдады

Фото: Gazeta.uz

ERNUR.KZ. Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапының мигранттарға қатысты әрекеттеріне байланысты ресми қарсылық білдіріп, дипломатиялық нота жолдады, деп жазады inbusiness.kz.

Министрліктің мәліметінше, Ресей аумағында кей жағдайларда Өзбекстан азаматтарына рұқсатсыз тексерулер жүргізіліп, дөрекі және құрметсіз қарым-қатынас жасалған. Мұндай әрекеттер екі ел арасындағы достық қатынастарға қайшы келетіні атап өтіліп, олардың алдын алу үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігі көрсетілді.

Өзбекстан СІМ барлық азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиеті қорғалуы тиіс екенін, сондай-ақ адам құқықтары мен халықаралық құқық нормаларының сақталуы қажет екенін қатаң мәлімдеді.

Мәскеудегі Өзбекстан елшілігі Ресей Сыртқы істер министрлігіне жолдаған нотада мынадай мәселелер көрсетілді:

– Ресей аумағындағы кейбір құқық қорғау органдары өкілдері тарапынан күш қолдану жағдайлары;
– мұндай әрекеттердің адам құқықтарының өрескел бұзылуы екендігі;
– орын алған оқиғаларға құқықтық баға беру қажеттігі.

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстайтынын және қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Ресейде таксист боп жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматына жергілікті тұрғындардың бірі аузына келгенін айтып, "сендер – орыстардың құлысыңдар" дегенін көрсететін ақпарат пен бейнежазба тараған болатын.