Өзбекстан ресейлік әзілкештердің өнер көрсетуіне тыйым салды

0
112

Өзбекстан Мәдениет министрлігі Comedy Club жұлдыздарының гастролін өткізуге тыйым салды.


Өзбекстан ресейлік әзілкештердің өнер көрсетуіне тыйым салды

фото: Видео кадры

ERNUR.KZ. Өзбекстанда Comedy Club шоуына тыйым салынды, деп жазады ulysmedia.kz.

Өзбекстан Мәдениет министрлігі Comedy Club жұлдыздарының гастролін өткізуге тыйым салды. Ведомствоның пікірінше, олардың контенті «ұлттық рухқа қайшы» және «этикет нормаларына сәйкес келмейді».

Қазіргі тыйымның бастауы 2023 жылы-ақ байқалған еді. Ол кезде Ташкентте «Музыкалық Comedy Club» шоуын өткізу жоспарланғанымен, іс-шара «техникалық себептерге» байланысты кейінге шегерілген. Бірақ жаңа күн әлі күнге дейін белгіленген жоқ.

Биыл, мысалы, комик Алексей Щербаковтың стендапынан кейбір әзілдерді алып тастауды талап етті, ал T-Fest концертіне мүлде тыйым салынды. 2023 жылы Comedy Club-пен қатар Григорий Лепс, Ирина Дубцова, Диана Арбенина және Земфираның да концерттері өтпей қалған болатын.