​Өзбекстан топырағын жоғары деңгейде тұз басқан әлемдегі 10 елдің қаратына енді

0
143

Республика аумағында 1 746,6 мың гектар алқапты сортаң тартқан.


​Өзбекстан топырағын жоғары деңгейде тұз басқан әлемдегі 10 елдің қаратына енді

Фото: pexels.com

ERNUR.KZ. «Өзбекғарыш» агенттігі топырағы тұзданған жерлерді ғарыштан анықтау тәжірибесін жолға қояды, деп жазады inform.kz.

- Бастапқы кезеңде Джизак облысындағы 90 егіс алқабына мониторинг жүргізіледі. Онда спутниктен алынған суреттерге талдау жасалып, топырақтың тұздылық деңгейі анықталады. Кейін деректер арнайы орталықтарда зерттеледі, - делінген «Өзбекғарыш» агенттігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомстводан атап өткендей, мониторинг нәтижесінде алынған деректер негізінде республикадағы тұздану деңгейі жоғары жерлердің статистикасы әзірленеді. Кейін ақпарат диқандарға ұсынылады.
- Нәтижесінде ауыл шаруашығы мақсатындағы жерді пайдалану кезінде ресурстарды есеппен бөліп, жердің тұздану дәрежесіне қарай тиісті шаралар қабылдауға болады, - деп мәлім етті агенттіктен.
БҰҰ-ның былтырғы зерттеуіне сәйкес, Өзбекстан топырақ тұздылығы жоғары әлемдегі 10 елдің қаратына енді. «Өзбекғарыштың» мәліметінше, республика аумағында 1 746,6 мың гектар алқапты сортаң тартқан. Оның ішінде 65,2 мың гектарда тұздылық деңгейі өте жоғары саналады.
- Аралдың тартылуы нәтижесінде 5,5 млн гектардан астам жер тұздылық деңгейі өте жоғары шөлге айналды, - делінген хабарламада.