Өзбекстанда 15 жастағы қызды әжесі 28 жастағы ер адамға тұрмысқа берген

0
153

Бұл дерек бойынша іс қозғалды.


Өзбекстанда 15 жастағы қызды әжесі 28 жастағы ер адамға тұрмысқа берген

Фото: rus.azattyq.org

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Сурхандария облысына қарасты Денау ауданында 15 жастағы қызды 28 жастағы тұрғынға діни рәсім бойынша тұрмысқа берген. Қызды мәжбүрлеп тұрмысқа беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратты Парламент жанындағы Балалар құқығы жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі таратты.

Белгілі болғандай, 8 шілде күні Денау ауданындағы әйел адам өз немересін 28 жастағы ер адамға тұрмысқа беріп, неке рәсімін ұйымдастырған. Бұл неке заң бойынша тіркелмеген. Алайда 75 жастағы имам діни неке қию рәсімін ақшаға өткізген.

22 қыркүйекте имамға қатысты неке қию тәртібін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыс үшін ол 75-150 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалауы немесе 360-400 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. Сонымен қатар 2-3 жылға дейін түзету жұмыстары да көзделген.

Ал 28 жастағы ер адамға қатысты кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін іс қозғалды. Оның 5 жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе осы мерзімге түрмеге қамалуы мүмкін.