Өзбекстанда адамдарға шабуыл жасаған аю атылды

0
332

Жарақат алған қызметкер медициналық тексеруден өтеді.


Өзбекстанда адамдарға шабуыл жасаған аю атылды

ERNUR.KZ. Аю тұрғындар арасына кіріп кетті. Оқиға 2024 жылы 15 мамырда Өзбекстанның "Жаннатмакон" махалласында болды. Аймақта жыртқыш аң біраз дүрбелең салды. Айналасындағы адамдарға қауіп төндіргендіктен, әбігерге түскен полиция қызметкерлері, оны атуға мәжбүр болды, деп жазады zakon.kz.

Өзбекстанның экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі жануардың тұрғын үйлердің аумағына еніп, адамдардың өміріне қауіп төндіретінін айтты.

"Аюға қару қолданбастан, ұстамақ болды. Алайда жыртқыш полицейлердің біріне шабуыл жасап, оны жарақаттады. Мұнымен қоса, сол кезде оқушылар орналасқан №74 мектептің аумағына кіріп кетті", - деп жазады Өзбекстан экология Министрлігінің баспасөз қызметі,




.

Аюдың ашулы болғаны да атап өтілді.

"Жыртқыш атылды", - деп қосты ведомство.

Жарақат алған қызметкер медициналық тексеруден өтеді.