Өзбекстанда кітап оқығаны үшін сотталғандардың жаза мерзімі қысқаруы мүмкін.
Фото: Gazeta.uz
ERNUR.KZ. 1 жылда өзбекстандық инспекторлар баласының мектепке баруын қадағаламаған ата-аналарға 175 мыңға жуық ескерту хаттамасын толтырған, деп жазады inform.kz.
Өзбекстан Сенатының пленарлық отырысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заң жобасы талқыланып жатыр.
Оның барысында Ұлттық гвардия инспекторлары бір жыл ішінде баланы тәрбиелеу мен оқыту міндетін орындамаған ата-аналарға 44 450 әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлім етті.
Айта кетейік, Өзбекстан заңнамасына сай, бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған ата-аналарға 1-5 базалық есептік шама (15-75 мың теңге аралығы) көлемінде айыппұл салынады.
Еске салайық, Өзбекстанда кітап оқығаны үшін сотталғандардың жаза мерзімі қысқаруы мүмкін.
Мұнымен бірге, көршілес елде жабайы жануар асырайтындарға қатысты жаза енгізілді.