Өзбекстанда балалар жаппай астан уланған

0
599

Мамандандырылған мектеп-интернатында оқитын жеткіншектерде жүрек айну, асқазан мен іш ауруы байқалған.


Өзбекстанда балалар жаппай астан уланған

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Сұрхандария облысында 33 оқушының улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы балалар омбудсмені Сурайё Рахмонова хабарлады, деп жазады zakon.kz.

Алдын ала қорытындыға сай, балалар сапасыз тағамнан уланған. Мамандандырылған мектеп-интернатында оқитын жеткіншектерде жүрек айну, асқазан мен іш ауруы байқалған.

Олар жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың мамандары оқушыларға берілген таңғы, түскі және кешкі астан алынған сынаманы сараптамаға жіберген. Жағдай ішкі істер органдарының бақылауында.

Тергеу барысында анықталғандай, балаларға берілген ас санитарлық- гигиеналық нормаларға сай келмеген.

Аудандық прокуратура Өзбекстан қылмыстық кодексінің 186-шы бабы 4 -ші тармағымен іс қозғады.

Аталған бап қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін өнімді сақтау мен жеткізудің ауыр салдарға алып келуі дерегін қарастырады.