Тарифтер ең соңғы рет 2019 жылы көтерілген еді.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда мамыр айынан бастап электр қуаты мен табиғи газ қымбаттайды, деп жазады zakon.kz.
Тарифтер ең соңғы рет 2019 жылы көтерілген еді. Тұтынушылар 1 кВт/сағат электр энергиясы үшін 295 сум төлеп келсе, енді ол 450 сумға өспек.
Бұл айына 200 кВт/сағат жаққандар үшін. Ал 1000 кВт/сағатқа дейін пайдаланған тұрғындар – 900 сум төлейді. Көгілдір отынның бағасы бір текше метр үшін 380 сумнан 650 сумға дейін көтеріледі. Бұл баға 500 текше метрге дейін газ тұтынғандар үшін.
Сонымен қатар алғаш рет энергия тұтынудың әлеуметтік стандарттары енгізіледі. Тарифтердің көтерілуіне байланысты аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету қарастырылған. Ал сұйытылған газдың бағасы өзгермейді, деп жазады qazaqstan.tv.
"Автокөліктерге газ құю стансаларында сұйық отын бағасы көтерілмейді. Бір текше метр газдың құны арнайы құжатқа сай нақты белгіленген. Ол 1-ші маусымға дейін 3350 сумнан аспауы тиіс. Егер газды қымбатқа сатып жатқан нысандар болса, тұрғындардың тиісті органдарға хабарлауына болады", - дейді Хасан Тошхуджаев, энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы.