Өзбекстанда ер адам әйелін, жаңа туған қызын өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған

0
210

Қайғылы оқиға 24 қарашада Қашқадария облысында, Китаб ауданының "Ақсув" махалласында болды.


Өзбекстанда ер адам әйелін, жаңа туған қызын өлтіріп, артынша өз-өзіне қол жұмсаған

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Өзбекстан тұрғыны әйелі мен жаңа туған нәрестесін өлтіріп, артынша өзі асылып қалған, деп жазады zakon.kz.

NOVA24.uz. ақпаратынша, қайғылы оқиға 24 қарашада Қашқадария облысында, Китаб ауданының "Ақсув" махалласында болды.

Ауданның Бас прокуратурасы 1998 жылы туған ер адам сағат 13:00 шамасында 1996 жылы туған жұбайы мен 2024 жылы туған қызын ас үй пышағымен өлтіргенін растады.

Қылмыстың себебі ер адамның психикалық ауытқуы деп танылды. Ол жұбайы мен қызын өлтіргеннен кейін өзі асылып қалған.

Прокуратура 97-бап бойынша қылмыстық іс қозғады (қасақана кісі өлтіру). 2006 жылдан бастап марқұмның облыстық психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны белгілі болды.