Бүгінде көрші мемлекетте қауіпті індетті жұқтырудың 1582 дерегі тіркелген.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссия осындай шешім қабылдады, деп жазады 24.kz.
Ал қазіргі уақытта елде 195 мың жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатып, есесіне бұдан салық түсімдері үш есе азайып отыр. Бүгінде көрші мемлекетте қауіпті індетті жұқтырудың 1582 дерегі тіркелгенін де айтып кету керек. Оның ішінде бес науқас көз жұмды.
Өткен түні Өзбекстанда коронавирустың бірде-бір дерегі тіркелмеді. Елде қауіпті індеттің кең таралуына жол бермеу үшін сақтық шараларын дер кезінде қолға алдық деп жатыр Өзбекстан билігі.
Ресми деретерге сүйенсек, «әлеуметтік ара-қашықтық» принципі мен «өзін-өзі оқшаулау» режимі оң нәтижесін бере бастады. Айтпақшы, бұл шектеулерге сәйкес тұрғындарға тек үйдің маңында орналасқан дүкен мен дәріханаға ғана баруға рұқсат. Сосын жұмысқа қатынауға да болады. Әйтпесе, көшеге себепсіз шығуға тыйым салынды.
Бүгінде көрші мемлекетте пандемия салдарынан 1,5 млн өзбекстандық жұмыссыз қалды. Тағы 200 мыңға жуық жеке кәсіпкер кәсібін тоқтатуға мәжбүр болды. Сол себепті карантин уақытында салық түсімдері үш есе азайып отыр.
"Жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарынан түскен пайда 3 есе азайды. Өйткені бұл міндетті төлемдерді төлеу мерзімі қазанның 15-не дейін шегерілген еді. Оған қоса 195 мың жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатып отыр. Сондай-ақ белгіленген салық түсімдері 84 процентке қысқарғанын да айтып кету керек" - дейді Музаффар Назаров, мемлекеттік салық комитеті басқарма басшысының орынбасары.
Күні кеше Министрлер кабинеті мемлекеттік мекемелерде шығындарды қысқартуға шешім шығарды. Атап айтқанда, бюджеттік ұйымдарға кеңсе тауарларын сатып алуға және ғимараттарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге уақытша тыйым салынды. Айтпақшы, Үкімет елдегі карантин мерзімін мамырдың онына дейін созып отыр.