Тағы 29 адам ауруханада жатыр.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда Алмалық тау-кен металлургия комбинатының мыс өңдеу зауытында темір конструкциялар құлап, 3 жұмысшы қаза тауып, 29 адам ауруханаға түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Олардың бәрі Үндістан азаматтары болып шықты.
Өзбекстан ТЖМ мәліметтері бойынша, тоқтаусыз қалың қар жауып, жел тұрған себепті 20 ақпанда сағат 8:00 шамасында Enter Engineering компаниясының металл дайындау цехында уақытша объектінің шатыры құлап түскен.
Нәтижесінде құрылыс компаниясының 32 қызметкері жарақат алды. Олардың үшеуі сол жерде қайтыс болды, 29-ы жарақаттанып, ауруханаға түсті.
«Жауапты ведомстволар оқиғаның мән-жайын зерттеу, оны дереу жою және зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында жұмыс тобын құрды», - делінген хабарламада.
21 ақпанда елдің Бас прокуратурасы «Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігінің» а, б тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Жауапты адамдар 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.