Өзбекстанда қоғамдық шараларда тегін зат таратуға тыйым салынды

0
254

Сондай-ақ жарнама мақсатында өнімдерді тым арзан бағада сатуға шектеу қою көзделген.


Өзбекстанда қоғамдық шараларда тегін зат таратуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда көпшілік жиналатын орындарда тегін зат таратуға тыйым салынды. Қаулыға Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қол қойды, деп жазады stan.kz.

Сондай-ақ жарнама мақсатында өнімдерді тым арзан бағада сатуға шектеу қою көзделген.

Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жаңашылдыққа маусымның басында Ташкент саябағында болған келеңсіз оқиға себеп болған. Балаларды қорғау күні тегін ойыншық таратылып, мыңдаған адам бір-бірін таптап кете жаздаған еді.

Кептеліс кезінде жеткіншектер жарақат алды. Қоғамдық іс-шараларды өткізу ережелерін бұзғаны үшін сол кезде саябақтың директоры, оның орынбасары мен жарнама бөлімінің басшысы 15 тәулікке қамалды.