Елдің шекаралық аймақтарындағы 55 бақылау-өткізу пунктінде тексеру шаралары қатаңдатылды.
Фото: freepik
ERNUR.KZ. Өзбекстан көрші елдерде сібір жарасы індетінің таралуына байланысты шекарада санитарлық бақылауды күшейтті. Яғни, Қазақстан мен Тәжікстанда анықталған жағдайларға байланысты ел билігі қатаң шаралар қабылдауға көшкен. Бұл туралы Сан-эпид қадағалау комитеті мәлімдеді. Ет және ет өнімдерін міндетті түрде зертханалық тексеруден өткізу жайы назарға алынған, деп жазады zakon.kz.
Көшеде немесе жайма базарда ет сатуға тыйым салынды. Тұрғындарға бұл туралы хабарлама таратылып жатыр.
Елдің шекаралық аймақтарындағы 55 бақылау-өткізу пунктінде тексеру шаралары қатаңдатылды.
Ал аптап ыстыққа орай жұқпалы ішек ауруларының көптеп таралуы да мамандарды алаңдатып отыр. Жыл басынан бері 23 мыңнан астам жағдай тіркелген.
Бұл дертті жұқтырудың ең жоғарғы көрсеткіші Ташкент қаласында, Сырдария облысы мен Қарақалпақстан Республикасында тіркелді. Әсіресе жас балалар арасында жиі кездеседі. Соның ішінде 3 жасқа дейінгі 7678 сәби сырқатқа шалдыққан.Мафтуна Саидова, Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті ақпарат қызметінің басшысы