Өзбекстанда селфи жасаудың әлегі қайғылы оқиғамен аяқталды

0
129

Құтқарушылар бірнеше минуттан кейін оқиға орнында болып, оларды қар астынан лезде шығарып алған.


Өзбекстанда селфи жасаудың әлегі қайғылы оқиғамен аяқталды

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Өзбекстанда тау асуындағы биіктікте суретке түспек болған екі адам көз жұмды, деп жазады zakon.kz.

vzglyad.uz дерегінше, қайғылы оқиға Камчик асуында болды. Ферғана облысының екі тұрғыны туристік топ құрамында Ташкент — Андижан — Ош тас жолымен жүрді. Бір сәтте олар тоқтап, туристерге баруға арналмаған арнайы техника алаңына көтерілді.

Ер адамның бірі селфи жасау үшін ең шеткі нүктеге барған, алайда тайып кетіп, жақын жерде тұрған танысының қолынан тартқан. Осылайша екеуі терең шұңқырға құлады, артынша оларды қар басып қалған.

Белгілі болғандай, құтқарушылар бірнеше минуттан кейін оқиға орнында болып, оларды қар астынан лезде шығарып алған. Алайда, бұл кезде екеуі де бақилық болған.