Оқиға кезінде 6 тұрғын зардап шеккен.
Фото: Telegram_Yulduzlari| Расмий канал
ERNUR.KZ. Әндіжан облысындағы «Ахмадәлі Қожа» мешітінде жарылыс болып, 6 адам жараланған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ізбасқан ауданындағы Мырза Ұлықбек махалласының жанында орналасқан мешітте газ жарылысы болған.
Оқиға орнына облыс басшылары мен жауапты адамдар келген.