Өзбекстанның 160 миллион долларлық зауытынан алғашқы электромобильдер шыға бастады

0
524

Зауыт биылғы жылдың қаңтар айында іске қосылды.


Өзбекстанның 160 миллион долларлық зауытынан алғашқы электромобильдер шыға бастады

ERNUR.KZ. Өзбекстан мен Қытайдың BYD Uzbekistan Factory бірлескен кәсіпорны алғашқы электр көліктерін шығаруды бастады, деп жазады inbusiness.kz.

Зауыт биылғы жылдың қаңтар айында іске қосылды. Құны 160 миллион доллар болатын жобаның бірінші кезеңі аясында жылына 50 мың электромобиль шығару мүмкіндігіне ие.

Ол үшін бірлескен кәсіпорын заманауи индустриялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. 2 шақырымға жуық теміржол төселді. Өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін жинақтаушы бұйымдар қоймасы, 1 200 контейнерлік логистикалық орталық салынды.

Зауытқа роботтық жүйелер мен жабдықтар Қытайдан әкелінді. Өндіріс процесі автоматтандырылған. Электромобильдің геометриялық өлшемдерін жоғары дәлдікпен тексеретін зертхана құрылған.

Қазір мұнда Chazor және Song Plus Champion моделдері шығарылады. Шавкат Мирзиёев алғашқы электромобильдерге қол қойды.

Бүгінде кәсіпорында 1 200 адам жұмыс істейді. Өткен жылы "Uzautoмotors" зауыттарында 200 жұмысшы біліктілігін арттырды.

Биыл тағы 92 маман Қытайдың Сиань және Чанша қалаларында сапаны бақылау, технология, жабдықтау және жабдықтарға қызмет көрсету сияқты салалар бойынша білім алады. Үш кезең енгізілгеннен кейін жұмыс орындарының саны 10 мыңға жетеді.