Өзбекстанның ДСҰ-ға қосылу процесі кешігуі мүмкін

0
76

Бұған дейін ресми Ташкент бұл процесті биыл наурызда Камерунда өтетін ДСҰ министрлер конференциясының 14-ші отырысына дейін аяқтауды жоспарлаған.


Өзбекстанның ДСҰ-ға қосылу процесі кешігуі мүмкін

Фото: Daryo.uz

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу процесі кешігуі ықтимал. Бұл туралы ел президентінің ДСҰ мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Азизбек Урунов мәлім етті, деп жазады inform.kz.

— Кейбір елдер құжаттарды қарау ісін баяу жүргізіп жатыр. Біз желтоқсанда осыған қатысты алаңдаушылық білдіріп, процесті кешіктіретін мемлекеттер бар екенін айттық. Оларды атап айту орынсыз болар. Дегенмен мұндай елдер бар және біз бүгінде олармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, - деді Азизбек Урунов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз маслихатында.

Оның пайымынша, егер мәселе тек Өзбекстанға байланысты болса, онда ел ұйымға наурыз айында қосылуға дайын болатын еді.

Бұған дейін ресми Ташкент бұл процесті биыл наурызда Камерунда өтетін ДСҰ министрлер конференциясының 14-ші отырысына дейін аяқтауды жоспарлаған.
Еске салайық, өзбек тарапы былтыр 40-тан астам келіссөз жүргізіп, ЕО, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Швейцария, Канада, Австралия және өзге де елдермен тиісті келісімдерге қол қойды.