Өзбекстанның таулы аймақтарында сел жүруі мүмкін

0
316

Көршілес Өзбекстанда жауын-шашынның мол түсуінен, бірнеше облыста су тасқыны болу қаупі бар.


Өзбекстанның таулы аймақтарында сел жүруі мүмкін

ERNUR.KZ. Атап айтқанда, біздің еліміздің оңтүстігімен шектесетін Ташкент, Жызақ облыстарында, Қырғызстанмен іргелес Әндіжан, Ферғана мен Наманған аймақтарында, Қашқадария мен Самарқанда сел қаупі сақталады, деп жазады qazaqstan.tv.

Төтенше жағдай қызметінің өкілдері, өңір тұрғындарына тауға шықпауды ексертіп отыр.


Еске салайық, шілденің ортасында Әндіжан облысында су тасқыны болып, екі бірдей көпірді қиратып кеткен еді.

Ал осы аймақпен шектесетін қырғыз елінің Ош облысында қатты сел жүріп бірнеше адамның өмірін жалмаған болатын.

"Таулы аймақ тұрғындарының алыс сапарға шықпай,сақтық шараларын мейлінше ұмытпауы қажеттігін ескертеміз. Демалушылар мен өзге де азаматтардың, көлік жүргізушілерінің де қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтағаны жөн". Шұғыл гидрометеорологиялық ақпарат