Өзінен-өзі жын соққандай: 52 жастағы әйел бөтен баланың бетін пышақпен тіліп жіберді (видео)

0
1 224

Қазақстан мен Ресей құрамалары 9 қыркүйекте Калининградта кездеседі.


Өзінен-өзі жын соққандай: 52 жастағы әйел бөтен баланың бетін пышақпен тіліп жіберді (видео)

ERNUR.KZ. Әйел екінші балаға да шабуыл жасамақ болды. Алайда осы кезде оны баланың әкесі тоқтатып үлгерді. Зиян шеккен бала қазір ауруханада, оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, деп жазады Stan.kz.

27 тамыз күні кешкі уақытта Грузияның Тбилиси қаласының орталығында әйел адам жеткіншектің бетін тіліп жіберді. Видеоны желі қолданушыларының бірі бөлісті.

Видеодағы кадрлардан әйел адамның баланы бетінен пышақпен қалай ұрып жатқанын көруге болады. Мұнымен қоймай, ол екінші балаға да шабуыл жасамақ болады. Осы сәтте ер адам ұлын қорғап үлгереді. Кейін әйел жолдан өтіп қашып кеткен. Араға біраз уақыт салып ол ұсталды.

«Пекин даңғылының бойында әйелден зиян шеккен баланың жағдайы қазір жақсы. Ертең оны клиникадан шығарады», - деді балаға ота жасаған дәрігерлер.

Сондай-ақ, дәрігерлер балаға алдағы уақытта пластикалық отаның қажет болмайтынын айтты. Бүгін ІІМ 52 жастағы күдіктіні ұстады. Әйел адам 7 немесе 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.