Париж метросында ер адам пышақпен шабуыл жасап, үш әйелді жарақаттады

0
151

Қанды шабуыл шамамен 30 минутқа созылған. Жұма күні түстен кейін ер адам Париж метросының 3-линиясы бойында үш әйелді жаралаған. Кейін ол Сарсель қаласында (Валь-д’Уаз департаменті) ұсталды.


Париж метросында ер адам пышақпен шабуыл жасап, үш әйелді жарақаттады

ERNUR.KZ. Париж метросында ер адам пышақпен шабуыл жасап, үш әйелді жарақаттады, деп жазады baq.kz.

Басылымның мәліметінше, күдікті оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккендерге жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Қанды шабуыл шамамен 30 минутқа созылған. Жұма күні түстен кейін ер адам Париж метросының 3-линиясы бойында үш әйелді жаралаған. Кейін ол Сарсель қаласында (Валь-д’Уаз департаменті) ұсталды.

Франция Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, күдікті – Франция аумағында заңсыз жүрген Мали азаматы. Шабуылдың себептері әзірге белгісіз. Сонымен қатар оның құқық қорғау органдарына бұрыннан таныс болған: ол бұған дейін есірткі әсерінде жүріп мүлікті бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек, 2024 жылдың қаңтарында ер адам ауырлататын мән-жайлармен жасалған ұрлық және жыныстық сипаттағы зорлық үшін сот үкімі шыққаннан кейін қамауға алынған. 2025 жылдың шілдесінде бостандыққа шыққан соң, заңсыз мигрантқа Франция аумағынан кету туралы нұсқама беріліп, әкімшілік қамау орталығына орналастырылған.

Алайда заңда көзделген 90 күн ішінде елден шығару жүзеге аспаған. Бұған "консулдық жол жүру құжатының және жарамды жеке куәліктің болмауы" себеп болған. Соның салдарынан күдікті белгілі бір мекенжайда тұру міндеттемесімен босатылған, бірақ ол іздеуде жүрген.

Метроның әртүрлі станцияларында жасалған үш шабуыл

Жұма күні шамамен 16:10-да 25 жастағы ер адам алғашқы жәбірленушіге «Репюблик» станциясында шабуыл жасаған. Бірнеше минуттан кейін ол «Ар-э-Метье» станциясында екінші жолаушы әйелді жаралап, одан соң «Опера» станциясында үшінші әйелге шабуыл жасаған.

Осыдан кейін күдікті жасырынып кеткенімен, 18:40 шамасында Сарсельдегі өз үйінде ұялы телефонының геолокациясы арқылы ұсталды.