24 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан 6 адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.
Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 24 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Оның 19-ына оқ тиген. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, қазір оқиға орнында 25 медициналық бригада жұмыс істеп жатыр.
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің, сондай-ақ Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустиннің тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Пермьге аттанды. Оқ жаудырған 18 жастағы Тимур Бекмансуровты тұтқындалды. Ол ұсталған кезде жарақат алды. Ол қазір ауруханада. Ресми дерек бойынша, қаскөй қаруды мамыр айында алған.
Осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тимур Бекмансуров – осы университеттегі заң факультетінің «Сот сараптамасы» мамандығының бірінші курс студенті. Ол атыс ашпас бұрын бірнеше нысанды, яғни өзі оқыған мектепті, сауда орталығын, аурухананы, театрды, вокзал, әскерге шақыру пунктін қарастырған. Бірақ, ақырында, университетті таңдаған.
«Бұл нысандардың барлығы маған кесте бойынша сәйкес келмеді, дүйсенбі күні түске қарай адамдар көп шоғарланатын орын қажет болды. Сондықтан жоғары оқу орындарының қайсысына шабуыл жасайтынымды білу үшін оқуға қабылданғандардың тізімін күтуге тура келді. Мамыр айының соңында мен өзімді ұстаудың қиынға соғып бара жатқанын түсіндім. Мен өз ортамнан алшақтай бастадым, кейбір адамдармен қарым-қатынасты мүлдем тоқтаттым, өйткені мен оларға кесірім тие ме деп қорықтым. Мен бұл университетті 9-сыныпта курстарға барып жүрген кезде байқадым, маған сол маңдағы көптеген ғимараттар мен студенттердің көптігі ұнады. Серуендейтін жерлері де бар. Ал орналасқан жердің өзі шіріген «хрущевкалардан» әлдеқайда жақсы. Өлім үшін ең жаман жер емес», – деп жазған Бекмансуров қылмысқа барардан бұрын әлеуметтік желіде.