Қазір орталықта 650 ит пен 180 мысық бар.
Польша астанасы Варшавада аптап ыстық кезінде қиналған жануарларға көмек көрсететін арнайы орталық ашылды, деп жазады 24.kz.
Орталықты волонтерлер құрған. Олар ит-мысықтарды жинап, оларға су құйып, ауабаптағыш қосып, жәрдем қылып жүр. Белсенділердің айтуынша, қазір орталықта 650 ит пен 180 мысық бар.
- Өте жоғары температурада иттер де адамдар сияқты көлеңкеде қимылсыз жатқанды ұнатады. Ыстық кезінде салпаңқұлақтарда иіс сезуден қиындықтар туындайды. Өйткені олар иіскеуге көп энергия жұмсайды, - дейді Анна Скибика, волонтер.