Премьер-министрдің кортежі жол апатына ұшырады

0
1 503

Жол апаты таңғы 9-30 шамасында болған


Премьер-министрдің кортежі жол апатына ұшырады


Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов жол апатына ұшырады. Өзбекстанның Бас прокуратурасы жол апатына қатысты мән-жайды айтып берді, - деп жазады tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, жол апаты 20 тамызда шамамен сағат таңғы 9:30-да болған. Бахтиер Сайидов Damas көлігін басқара отырып, бір сәтте көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.

"Содан Damas жүргізушісі Mercedes-Benz маркалы көлікті соғып кеткен. Ол көлікті Рустам Толипов басқарған", - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов жеңіл жарақаттар алған. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ. Премьер-министрдің орынбасары Әлішер Сұлтанов бірнеше жарақат алған. Ал президент аппаратының жауапты қызметшісі Курбонов иығын жарақаттап алған. Жүргізуші Толипов та бірнеше жарақат алды. Өз кезегінде Damas жүргізушісі Бахтиер Сайидов маңдайын жарақаттаған, жолаушы Мелибоев та дене жарақаттарын алған", - деп хабарлады Өзбекстанның бас прокуратурасының өкілдері.

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бас прокуратура осы жол апаты дерегі бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіп жатыр.