ERNUR.KZ. Нигерияның Порт-Харкорд қаласындағы стадионда 14 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға осы ел президенті Мохаммад Бухаридің жергілікті халықпен кездесуінен кейін болған, деп жазады 24.kz.
Президент сөзін аяқтап, стадионнан кеткен кезде партия жақтастары жабық қақпадан шығып кетуге ұмтылады. Алайда адам көп жиналған жерде бейберекетсіздік орын алып, қалың тобыр он шақты адамды басып кеткен.