Рамзан Қадыровтың пулеметпен жабдықталған Cybertruck көлігін Илон Маск «қашықтықтан өшіріп қойған»

0
129

17 тамызда Рамзан Қадыров Илон Маск төбесінде автоматы бар Cybertruck бергенін және бұл көлік Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясына жіберілетінін хабарлаған.


Рамзан Қадыровтың пулеметпен жабдықталған Cybertruck көлігін Илон Маск «қашықтықтан өшіріп қойған»

ERNUR.KZ. «Илон Масктың бұл ісі дұрыс емес. Қымбат сыйлықты шын жүректен береді де, содан кейін оны қашықтықтан өшірді», — деп жазды Қадыров Telegram каналында. Шешенстан басшысының айтуынша, көлік майданда «жауынгерлік тапсырмаларды тамаша орындаған», бірақ Маск жуырда Cybertruck көлігін қашықтықтан өшірген, деп жазады inform.kz.

17 тамызда Рамзан Қадыров Илон Маск төбесінде автоматы бар Cybertruck бергенін және бұл көлік Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясына жіберілетінін хабарлаған. 19 тамызда Илон Маск бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Илон Масктың Neuralink компаниясы мидың көру қыртысы зақымданбаған соқырлардың көру қабілетін қалпына келтіретін Blindsight құрылғысына рұқсат алғанын жазған болатынбыз.