Ресей мұнайының бағасы күрт төмендеді

0
123

Urals мұнайының бағасы барреліне 34 долларға дейін төмендеді.


Ресей мұнайының бағасы күрт төмендеді

Фото: Depositphotos.com

ERNUR.KZ. Ал Brent маркалы мұнайдың баррелі 61 доллар шамасында саудаланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Ресей мұнайының экспортына орташа жеңілдік 27 долларды құрайды. Мұнайдан түскен табыс Ресейдің мемлекеттік шығындардың төрттен бірін өтейді.

Ал мұнай бағасы арзандаған сайын мұнай өңдеу зауыттары "қара алтынды" сатып алуға ынталана түседі. Бұл үрдіс мұнай бағасының уақытша тұрақтануына әсер етеді.