Ресейде ата-ана қамқорлығынсыз қалған өзбекстандық балалар еліне оралды

0
465


Ресейде ата-ана қамқорлығынсыз қалған өзбекстандық балалар еліне оралды

ERNUR.KZ. Ресей аумағында ата-ана қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған өзбекстандықтар еліне қайтарылды, де жазады kaz.inform.kz.



Әлеуметтік қорғау ұлттық агенттігінің дерегіне сәйкес, Мәскеудегі уақытша орналастыру орталығы мен Өзбекстан ІІМ қызметкерлерінің жәрдемімен 3 бала Отанына қайтарылды.

Бүлдіршіндердің біреуі Ресейге анасымен, қалған екеуі ата-анасының сенімхаты негізінде туыстарымен барған. Кейін балалардың жақындары аталған елдің заңына қайшы әрекеттер жасап, тиісінше Өзбекстанға депортацияланған. Ал кәмелетке толмағандар осы кезге дейін уақытша орналастыру орталығында болды.