Ресейде басқа елдердің халқымен проблема болмайды – Песков

0
427

Ресейде басқа елдердің халқымен емес, бөлек бір режимдермен, саясаткерлермен, олар қабылдайтын шешімдермен проблемалар болуы мүмкін.


Ресейде басқа елдердің халқымен проблема болмайды – Песков

ERNUR.KZ. Бұл туралы "Білім.Үздіктер" марафонында Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп жазды sputnik.kz.

"Біз барлығына ашықпыз. Біз әлемнің барлық еліндегі адамдарды жақсы көреміз. Бізде белгілі бір режимдермен проблема болуы мүмкін, белгілі бір елдердегі саясаткерлермен, олар қабылдайтын шешімдермен проблема болуы мүмкін. Біз оны да шеше аламыз. Бірақ біз "халық халықпен", "адамдар адамдармен" қарым-қатынасы үшін ашықпыз. Біз оны ары қарай дамыта береміз", - дейді Песков.
Марафон Бүкіләлемдік жастар фестивалі аясында өтіп жатыр. Ұйымдастырушысы – ресейлік "Білім" қоғамы. Фестивальдің өзі Сириус жерінде ұйымдастырылды. Бұл іс-шара 7 наурызға дейін жалғасады.