Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина қолданысқа енгізілді

0
69

Жаңа инновациялық препараттар ауыр онкологиялық науқастарға арналған.


Ресейде қатерлі ісікке қарсы вакцина қолданысқа енгізілді

Фото: Zakon.kz


ERNUR.KZ. Көрші елде аты жаман ауруға қарсы екі екпе жасалған. Бірі - меланома емдеу үшін арналған, деп жазады zakon.kz.

Екіншісі – колоректальды ракқа қарсы пептидтік вакцина.

Жаңа инновациялық препараттар ауыр онкологиялық науқастарға арналған.

Екі вакцина да профилактика немесе аурудың алдын алуға емес, оның дамуын тежеу үшін қолданылады. Екпе алдымен мемлекеттік ауруханаларға таратылады.

Санкцияға дейін белгілі бір бәсекелестер болса, қазір тек өз өнімімізді қолданып, препаратты шығарып отырмыз. Сапасы жақсы, бағасы қолжетімді болуы тиіс. Бастысы қатерлі ісікті емдеуге мүмкіндік береді, дейді Станислав Злотовский, дәрігер.