Ресейде магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелді

0
107


Ресейде магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелді

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Ресей аумағында магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі болды, деп жазады kaz.inform.kz

ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жерасты дүмпулері 2026 жылғы 24 қазанда Астана уақытымен сағат 03:24–те (Гринвич уақытымен 23 қазанда сағат 22:24–те) тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі 54,45 градус солтүстік ендік пен 86,02 градус шығыс бойлықта орналасқан.

Магнитудасы — 5 (mb), энергетикалық класы — K=13.

Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.