Ресейде мұз кесектері екі нәрестенің өмірін қия жаздады

0
69

Травматолог тексергеннен кейін зардап шеккендер үйіне жіберілді.


Ресейде мұз кесектері екі нәрестенің өмірін қия жаздады

Сурет: freepik

ERNUR.KZ. Ресейде шатырлардан құлаған мұз бен қар кесектері екі сәбидің өміріне қауіп төндірді, деп жазады zakon.kz.

Gazeta.ru басылымының мәліметінше, Свердлов облысында мұз кесегі тоғыз айлық қыз бала жатқан арбаға құлаған. Белгілі болғандай, арба тұрғын үй кіреберісіндегі қалқаның шетінен сәл шығып тұрған. Ата-анасы дер кезінде арбаны тартып үлгергенімен, сәби басының жұмсақ тіндерінен соққы алып, терісі сырылған.

Травматолог тексергеннен кейін зардап шеккендер үйіне жіберілді. Қазіргі таңда прокуратура басқарушы компанияға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.

Осыған ұқсас жағдай Тула облысында да болған: шатырдан түскен қар жаңа туған сәбиді көтеріп тұрған әйелдің үстіне құлаған. Нәтижесінде нәрестеге медициналық көмек қажет болды. Аталған дерек бойынша тергеу органдары қылмыстық іс қозғады.