Өрт төрт мың шаршы жерді шарпыған.
ERNUR.KZ. Ростов-на-Дону қаласында орналасқан базарда пиротехника сақталған павильон өртенді, деп жазады Tengrinews.kz.
Малое Зеленое Кольцо көшесіндегі "Классик" базарында өрт шыққаны туралы таңғы сағат 6:30-да белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, төрт мың шаршы метр жер өртенген.
РФ ТЖМ хабарлауынша, екіқабатты павильонның аумағы - 3,2 мың шаршы метр.
Оқиға орнынан түсірілген видеодан петарда мен отшашудың жарылып жатқанын көруге болады.
Өрт қиындығы жағынан төртінші нөмір деп бағаланды. Оны 200-ге жуық адам 66 техниканың көмегімен сөндіріп жатыр. Новочеркасск, Аксай және Ростов өрт-құтқару гарнизондарының және мамандандырылған өрт-құтқару бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды.