Ресейде тағы бір көпір жарылып, пойызды басып қалды

0
492

Бұл оқиға Ресейдегі көлік инфрақұрылымына жасалған қасақана шабуыл ретінде бағаланып, қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақыруда.


Ресейде тағы бір көпір жарылып, пойызды басып қалды

Фото: Александр Хинштейн.Telegram

ERNUR.KZ. Курск облысында Тросна-Калиновка трассасының 48-ші шақырымында тағы бір көпір құлап, үш адам зардап шекті. Осылайша Ресейде бір күннің ішінде екінші көпір опырылып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Облыстың уақытша губернаторы Александр Хинштейн бұл туралы хабарлап, оқиға салдарынан үш адам жарақат алғанын жеткізді.

“Түнгі сағаттарда Тросна – Калиновка трассасының 48-ші шақырымында, Железногорск ауданы аумағында жүк пойызының локомотиві өтіп жатқан кезде көпір күрт құлады. Пойыздың бір бөлігі көпірден төменге түсіп, астындағы автокөлік жолын жабады. Локомотивте өрт шыққанымен, төтенше жағдайлар қызметкерлері оны жедел түрде ауыздықтады. Қалған вагондар теміржол платформасында тоқтатылды”, – деді ол.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, локомотив машинистерінің бірінің аяғы жарақат алған. Барлық жараланғандар жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер бақылауына алынды. Көпір астындағы автокөлік жолы толық жабылып, қозғалысы айналып өтетін жол арқылы ұйымдастырылды.

Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренконың хабарлауынша, Курск пен Брянск облыстарындағы екі көпір де қасақана бомбамен жарылып отыр. Қылмыстық істер қозғалып, тергеу жұмыстары Ресей Тергеу комитетінің басты басқармасына тапсырылды. Қазір оқиға орындарында тергеушілер жұмыс істеп, әрекеттер жүргізуде.

Бұл оқиға Ресейдегі көлік инфрақұрылымына жасалған қасақана шабуыл ретінде бағаланып, қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақыруда.