​Ресейде WhatsApp бұғатталды

0
94

Шектеу шаралары пайдаланушылардың басқа байланыс қосымшаларына көшуіне мүмкіндік беру үшін кезең-кезеңімен енгізілуде.


​Ресейде WhatsApp бұғатталды

Фото: Москва 24

ERNUR.KZ. Ресейде Роскомнадзор (РКН) WhatsApp мессенджерінің жұмысын кезең-кезеңімен шектеуді жалғастырып отыр, оның толықтай бұғатталуы да мүмкін. Бұған себеп ретінде Ресей заңнамасының жүйелі түрде бұзылуы аталады, деп жазады inform.kz.

Соған қарамастан, WhatsApp Ресейдегі ең танымал мессенджер болып қала беруде, оның бірегей пайдаланушыларының саны шамамен 100 млн адамға жетеді.

РКН өкілдерінің айтуынша, ресейлік заңнама талаптары орындалғанға дейін мессенджерге қатысты шектеулер енгізу жалғаса бермек.
Шектеу шаралары пайдаланушылардың басқа байланыс қосымшаларына көшуіне мүмкіндік беру үшін кезең-кезеңімен енгізілуде. Пайдаланушыларға ұлттық (ресейлік) сервистерге көшу ұсынылады.
Мезгіл-мезгіл пайдаланушылар мессенджер жұмысындағы ақауларға шағымданады. «Сбой.рф» және Detector404 мониторингтік сервистерінің деректеріне сәйкес, іркілістер бірден бірнеше өңірде байқалған.
Шектеулер кезеңдік сипатқа ие. Қоңыраулардың «деградациясы» процесі осы жылдың тамыз айында басталған. Сондай-ақ БАҚ 22 желтоқсаннан бастап Ресейде мессенджердің жұмыс жылдамдығы 70–80%-ға төмендегенін, ал байланыс операторларының бұған қатысы жоқ екенін хабарлаған.
Бұған дейін ресейлік «Молния» мессенджерін іске қосу 2026 жылға шегерілгені хабарланған болатын, бастапқыда оны осы жылдың қыркүйегінде іске қосу жоспарланған еді.