Ресейде жеке ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты

0
451

Тверь облысында Embraer бизнес-джет ұшағы апатқа ұшырап, борттағылардың бәрі қаза тапты.


Ресейде жеке ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Embraer ұшағы Шереметьеводан Санкт-Петербургке ұшып бара жатқан. Бортта үш ұшқыш пен жеті жолаушы болған. Олардың барлығы қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Оқиға Куженкино ауылының маңында болған.

Төтенше жағдайлар қызметі ТАСС агенттігіне төрт адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Сондай-ақ ұшақ жерге соғылғанда жанып кеткенін, оның ұшқанына жарты сағаттан аз уақыт болғаны айтылды.

Бологовск ауданының бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің мәліметінше, төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

«Жол апаты М-10 тас жолынан алыс емес жерде, Куженкино ауылындағы қараусыз қалған фермадан екі шақырым жерде болды», - деп қосты агенттіктен.

Әуе көлігі федералдық агенттігі апатқа қатысты тергеуді бастады.