Ресейде жынысы белгісіз алты бала дүниеге келді

0
2 953

Олардың сыртқы және ішкі жыныс мүшелері әйелге де, ер адамдыкіне де сәйкес келмейді.


Ресейде жынысы белгісіз алты бала дүниеге келді

ERNUR.KZ. Ресейде жынысы белгісіз балалар дүниеге келді. Тюмень облысында 2023 жылы жынысы белгісіз алты бала дүниеге келген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Яғни, мутация салдарынан дүниеге келген нәрестелердің сыртқы және ішкі жыныс мүшелері әйелге де, еркекке де сәйкес келмейді. Дәрігерлердің хабарлауынша, мұндай балалардың жынысын хирургиялық жолмен түзетуге болады. Алайда, жынысты нақтылау үшін генетикалық зерттеу жүргізу қажет.

Жынысы белгісіз балалар бұған дейін де анықталған. Басылымның мәліметінше, 2022 жылы мұндай диагноз үш балаға, 2021 жылы екі балаға қойылған.