Ресейдегі православ шіркеуінде намаз оқыған мұсылман желіні шулатты (ВИДЕО)

0
186

​Ресейлік діндарлар екі түрлі пікір білдірді.


Ресейдегі православ шіркеуінде намаз оқыған мұсылман желіні шулатты (ВИДЕО)

Фото: видеодан кадр

ERNUR.KZ. Вологдада «Николай Чудотворец» шіркеуінде намаз оқыған мұсылман діндарлар арасында қызу талқыға түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ресей Федерациясы Мұсылмандары Діни Басқармасының (ҚМДБ) өкілі, Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдинов бұл жағдайға діни тұрғыдан қарсылық жоқ екенін, егер дінбасылар қарсы болмаса, шіркеуде намаз оқу әбестік ретінде саналмайтынын айтты.

Алайда журналист Марина Ахмедова мұндай әрекетті арандатушылық деп бағалап, шіркеу дінбасыларының оқиғадан таң қалғанын жеткізді:

«Мұсылмандар ешқашан құлшылық ету үшін шіркеуге бармаған, ал христиандар мешітке кірмеген. Шіркеудегі намаз, мешіттегі кресттер басып алу әрекетінің нышаны. Өкініштісі, осындай арандатушылықтардың аясында жөні дұрыс мүфтидің табылмауы», – деп жазды ол.

Өз кезегінде, протоиерей Андрей Ткачев намаз оқу үшін мұсылманға ішкі рухани тұрақтылығы жеткілікті, ал жайнамаз пайдалану және рәсімдік әрекеттер орындау дәстүрді бұзатын арандатушылық екенін атап өтті.