Ресейді дүрліктірген маньяк телеарнаға сұқбат беріп, үйленгісі келетінін айтты

0
2 753

Ол бір жас келіншек тауып, көңіл жарастырып үлгерген.


Ресейді дүрліктірген маньяк телеарнаға сұқбат беріп, үйленгісі келетінін айтты

ERNUR.KZ. "Скопиндік маньяк" деген атпен танылған Виктор Мохов түрмеден шыққаннан кейін өз құрбандарымен кездескісі келетінін айтты. Сонымен қатар, 70 жастағы қылмыскер үйленуге ниетті, деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде ол бір жас келіншек тауып, көңіл жарастырып үлгерген.

Сондай-ақ ол көп жыл гаражында жертөледе тығып ұстап, тіпті біріне бала тудыртқан өзінің қос құрбанымен кездескісі келетінін, жүзбе-жүз олардан кешірім сұрағысы келетінін айтты.

Түрмеден шыққан маньяк 5 наурыз күні түнгі сағат 2-де Скопинге келіп, үйі апатты жағдайда болғандықтан, қонақ үйге қонуға тырысқан.