Апат Гонжа және Гудачи станцияларының арасындағы өткелде болған.
Фото: t.me/vstproc
ERNUR.KZ. Амур облысында 35 вагонның рельстен шығып кетуіне байланысты Забайкалье теміржолының бір учаскесінде пойыздар қозғалысы тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі мен "РЖД" (Ресей теміржолы) мәліметінше, оқиға салдарынан теміржол төсемінің бір бөлігі зақымданып, бұл пойыздардың кестесіне әсер еткен. Осы бағыттағы жолаушылар пойызы кешігуі мүмкін.
Апат салдарын жою үшін оқиға орнына үш қалпына келтіру пойызы жіберілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ешкім зардап шеккен жоқ, қоршаған ортаға төніп тұрған қауіп анықталған жоқ.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр.


