Ресейдің Кемерово облысында 5,2 балдық жер сілкінісі болды

0
592


Ресейдің Кемерово облысында 5,2 балдық жер сілкінісі болды

Фото: Қазақстан Ұлттық деректер орталығы

ERNUR.KZ. Сейсмологтар бүгін Батыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде және Ресейдің Кемерово облысының Кузбасс аймағында күшті жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inform.kz.

ҚР Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан деректер орталығының деректеріне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылдың 10 қазанында Астана уақыты бойынша таңғы сағат 5:47-де (Гринвич бойынша таңғы сағат 00:47) тіркелген.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 54,04 градус, шығыс бойлық бойынша 86,47 градус.

Магнитудасы: 5,2. Энергетикалық класы: 11,8. Тереңдігі: 1 км.