​Ресейдің Рязань зауытындағы өрттен қаза тапқандар саны 25-ке жетті

0
132

Жаңартылған ақпарат бойынша 158 адам зардап шекті, оның 25-і қайтыс болды.


​Ресейдің Рязань зауытындағы өрттен қаза тапқандар саны 25-ке жетті

Фото: РФ ТЖМ

ERNUR.KZ. Жедел-құтқару жұмыстары барысында Рязань облысындағы зауытта өрт салдарынан қаза тапқан тағы бір адамның мәйіті табылды, деп жазады inform.kz.

Жаңартылған ақпарат бойынша 158 адам зардап шекті, оның 25-і қайтыс болды.

Айта кетейік, 15 тамыз күні Рязань облысының Шиловский ауданындағы синтетикалық талшық шығаратын «Эластик» зауытының өндірістік цехтарының бірінде өрт шығып, соның салдарынан жарылыс болған.
Рязань облысының губернаторы Павел Мальковтың бұйрығымен 15 тамызда сағат 19:00–ден бастап Шиловский муниципалды округінің аумағында келесі ескертуге дейін төтенше жағдай жарияланды.
Өрт фактісі бойынша Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігі (байқаусызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қауіпті өндірістік объектілерге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Рязань облысының губернаторы қайғылы оқиғада қаза тапқандардың отбасыларына 1 миллион 567 мың рубльден, ал зардап шеккендерге 627 мың рубльге дейін өтемақы төленетінін хабарлады.
18 тамыз Рязань облысында қаза тапқандарды аза тұту күні болып жарияланды.