​Ресейдің Түмен облысында бассейнге шомылған 15 бала ауруханаға түсті

0
116

Тергеушілер оқиға орнын тексеріп жатыр.


​Ресейдің Түмен облысында бассейнге шомылған 15 бала ауруханаға түсті

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының Түмен облысында бассейнге шомылған 15 бала ауруханаға жеткізілді, деп жазады inform.kz.

Түмен облысында бассейнге шомылған 15 бала мен 2 ересек адам «хлор буынан уланған» деген алдын ала диагнозбен ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
- Ауруханаға түскендердің арасында 2024 жылғы бір бала бар. Тергеу басқармасының бөлімі ҚК-нің 238-бабы 1-бөлігі бойынша (тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін қызметтерді көрсету) қылмыстық іс қозғады, - делінген ақпаратта.
Тергеушілер оқиға орнын тексеріп жатыр. Олар судан сынама алып, сараптама жүргізеді.