Сахалинде параплан құлап, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты

0
133

​Тергеу басқармасы сотқа дейінгі тексеру ұйымдастырды.


Сахалинде параплан құлап, ұшқыш пен жолаушы қаза тапты

ERNUR.KZ. Ресейдің Сахалин облысында жеңіл ұшу аппаратының құлауы салдарынан екі адам қаза тапты, деп жазады baq.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға Березняки ауылынан солтүстікке қарай шамамен 2,5 шақырым қашықтықтағы қараусыз қалған әуеайлақ аумағында болған. Параплан әуеайлақ аумағында апатқа ұшырады.

Құлау нәтижесінде ұшқыш пен бортында болған жолаушы қаза тапты.

Құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайын және ұшу аппаратының құлау себептерін анықтап жатыр.

Тексеру адам өліміне әкеп соққан әуе көлігі қозғалысы және оны пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу ықтималдығы фактісі бойынша жүргізілуде.