Сатып алушылар киімге таласып, төбелес шығарды (видео)

0
1 017

Роликте сатып алушылардың дүкен есіктері толық ашылмастан баса көктеп кіріп жатқаны көрініс тапқан.


Сатып алушылар киімге таласып, төбелес шығарды (видео)

ERNUR.KZ. Қытайлық шопоголиктер жапондық Uniqlo брендінің жаңа коллекциясы үшін жаппай төбелес шығарды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Роликте сатып алушылар дүкен есіктері толық ашылмастан баса көктеп кіріп жатқаны, бір-бірінің қолынан киімдерді жұлып әкетіп жатқаны және манекеннен киімді шешіп жатқаны түсірілген.

Желі пайдаланушылары Uniqlo лимиттелген коллекциясына қытайлық тұтынушылардың реакциясын таң қалдырды. "Зомби-апокалипсиске ұқсайды", - деді бір пікір қалдырушы. "Бұл барып тұрған надандық. Тіпті Үндістанның өзінде бұл жерге қарағанда жақсырақ", - деді тағы бір коментатор. Алайда пайдаланушылар арасында қытайлықтарды қорғаушылар да табылды. "Содан кейін олар бұл заттарды он есе қымбат сатады. Сондықтан олар есінен адасқандай кейіп танытады. Мен де осылай жасаймын", - деп жауап берді сатып алушыларды ақтаған пікір қалдырушы.