Сауд Арабиясы 2029 жылы Азия қысқы ойындарын өткізуге дайындалып жатыр.
ERNUR.KZ. Сауд Арабиясы "Expo 2030-ға" арналған арнайы визаны іске қосатын болды. Аталған құжат Дүниежүзілік көрмеге баратын туристердің жолын жеңілдетеді, деп жазады tengritravel.kz.
Сондай-ақ ел Үкіметі астанасы Эр-Риядты көрме алаңына айналдыру мақсатында 8 миллиард долларға жуық қаражат салатынын мәлімдеді. Шаһардың 6,6 шаршы шақырымды қамтитын бөлігі көрме өткізуге берілетіні белгілі болды.
Айта кетейік, Дүниежүзілік көрмемен қатар, Сауд Арабиясы 2029 жылы Азия қысқы ойындарын өткізуге дайындалып жатыр.